
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне қаладағы сауда үйлерінің біріндегі сауда нүктесіне иіс су сататын азаматша арызбен шағымданды. Жәбірленуші белгісіз біреулер белгілі бір маркадағы 7 иіс су ұрлап 884 мың теңге шығын келтіргені туралы айтты.
Сол күні полиция бөліміне белгісіз біреу басқа сауда нүктесінен жалпы соммасы 39 мың теңгеге спорттық киім ұрлағаны туралы хабарлама тсүті. Полиция қызметкерлеріне күдікті туралы ақпарат түсті. Алайда ол өзінің мекен-жайына келмей таныстарында түнеген. 22 тамыз күні кезекті рет сауда нүктесінен бренд үлгідегі спорт киімін ұрлап әкеткеннен кейін күдікті ұсталды. Ол саудагерге 100 мың теңге шығын келтірген. 31 жастағы күдікті сот шешімі шыққанша абақтыда болады. Сондай-ақ, оның басқада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.