
16 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші белгісіз біреудің өзі жұмыс жасайтын заводтың алдына автотұраққа қойып қойған «HyndaiSonata» автокөлігін алып кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлеріне ұрланған көліктің Алматы облысында жүргені туралы хабарлама түсті. Оңтүстікте қарағандылық полиция қызметкерлері көлікті сатып алмақшы болып келіскен. Кейін, ұрлаған күдікті көлікті сату үшін қаладағы автотұрақтардың бірінде күткен. Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің айтуынша алдымен олар көлікті ұрлап әкетіп, кейін Балқаш қаласында эфокуаторға салып, әкеткен.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.