
Жыл басынан бастап, Қарағанды қаласында «жол-көлік оқиғасында кіналы болды, оны қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша беру керек» деген желеумен 95 алаяқтық дерегі тіркеліп, оның 50 дерегі ашылған болатын. Бұндай алаяқтық істердің жәбірленушілерінің басым бөлігі зейнеткерлер.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті басшылығымен бұл алаяқтық түрлерін тергеу бойынша арнайы топ құрылған болатын. Жедел іздестіру ісм-шаралдары барысында полиция қызметкерлерімен 30 жастағы курьер ұсталды. Бүгінгі таңда тергеумен ұсталған азаматтың жалпы шығыны 37 миллион теңге болатын 9 эпизодқа қатыстылығы дәлелденді. Құрылған тергеу тобымен 25 жастағы Жетісу облысының да тұрғыны ұсталды. Оның жалпы шығыны 36 миллион теңге болатын 11 зейнеткерді алдағаны дәлелденді. Бірінші курьерден жәбір көргендер тек Қарағанды қаласының тұрғындары ғана болса, ал екінші курьер Алматы қаласының тұрғындарында алдап үлгерген. Соңғысы оңтүстік астанадан 6 зейнеткерді алдап, сан соқтырып кеткен. Бұл жерде 4 дерек бойынша жәбірленушілерден арыз түссе, қалған екі жәбірленушіні полиция қызметкерлері өздері тауып алды. Бұл алаяқтық кезінде күдікті жәбірленушілердің жақындарын қылмыстық жауапкершіліктен босатамын деп ақша алған. Қазіргі уақытта соңғы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Октябрь полиция бөлімінің тергеу бөлімшесімен 14 эпизодтық қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ашылған қылмыстармен қоса полиция қызметкерлері әлі де ескерту жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Мәселен, Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен өздері қызмет көрсететін аумақта орналасқан құс фабрикасының өнімдеріне профилактикалық ескертпе үн парақшалары салынды. Олардың өнімдері тек облыста ғана емес еліміздің барлық жерлеріне таратылады. «Алматы-Екатеринбург» тас жолының терминалында тәртіп сақшылары сондай-ақ, жүргізушілерге алаяқтықтан сақтану жолдарын айтып, ескертпе жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар аталған басқарманың қызметкерлері «Сарыарқа» халықаралық әуежайында облысымзға келген қонақтармен тұрғындарға дауыс шығарғыш арқылы ескертпе жұмыстарын жүргізуде.