
20 тамыз күні сағат 19.45 шамасында «Алматы -Екактеринбург» тас жолының 770 –ші шақырымында 47 жастағы "Lexus LX470" автокөлігінің жүргізішісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалып аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 46 жастағы көліктің жолаушысы оқиға орынында қаза тапса, көліктің жүргізушісі және 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде қаза тапты. Сондай-ақ екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерден тағыда жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүргенде демалыс режимін сақтап, жол жүру ережелеріне қатаң бағынуға шақырады. Жол қауіпсіздігі жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының жеке тәртібіне байланысты. Апаттардың салдары отбасына орны толмас қайғы әкеліп, жақындарынан айырылатынын, басқалары өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін екенін әркім түсінуі маңызды. Біз барлығын сергек және мұқият болуға шақырамыз.