Қарағандылық полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған алаяқты ұстады.

Қарағандылық полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған алаяқты ұстады.

Қарағандылық «Киберпол» қызметкерлері «Hi-Tech» жедел алдын алу іс-шарасының аясында 30 дан астам алаяқтық фактісіне қатысы бар күдіктілерді ұстау операциясын жүргізді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 15 миллион. Жәбірленушілер тек, Қарағанды облысының ғана емес еліміздің басқа да өңірлеорінен екені белгілі болды. Күдіктілерді ұстау операциясына полиция қызметкерлерімен қоса балаларды қорғау ұйымынан да өкілдер қатысты. Өйткені күдіктілердің бірі кәмелеттік жасқа толмаған. Оларды ұстау операциясы Алматы және Талдықорған қалаларында жүргізілді. 17 жастағы жасөспірім мен оның серіктесі 54 жастағы Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы арзан бағаға ұялы телефон сатамыз деп хабарлама жариялаған.
Оларды ұстау барысында күдіктілерден «Apple» 256Gb маркалы Макбук, тапсырыс берушілерді жазғаны туралы қойын кітапша, «Билайн», «Актив», «Теле2» операторларының 5 дана сим картасы, 5 миллион 453 мың теңге ақша, инстаграм әлеуметтік желісіне байланыстырылған «Айфон 14» телефоны тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталғандардың басқада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.