Қарағанды облысы, Балқаш қаласында есірткі жасырушы ұсталды

Қарағанды облысы, Балқаш қаласында есірткі жасырушы ұсталды

22 маусым күні Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен Балқаш қаласында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматтың үйінде жүргізілген тінту жұмыстары барысында ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді зат, 3 электронды таразы, сыдырма қаптар және электр лентасы тәркіленді. Күдікті азамат интернет желісі арқылы есірткі заттарын сатып алып, үйінде ұсақ пакеттерге салып, электр лентасымен шағын бумаларға орап, қаланың әрбір нүктесіне тастап, кейін есірткі жасырған жерлерін фотоға түсіріп сатып алушыларға жіберіп отырған. Тәркіленген заттарға жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат 200 гр. асатын психотроптық есірткі заты екені белгілі болды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.