Теміртау қаласы тұрғынынан 2 миллион теңге ақша бопсалаған күдікті ұсталды.

Теміртау қаласы тұрғынынан 2 миллион теңге ақша бопсалаған күдікті ұсталды.

Теміртау қалалық Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші белгілі бір адам өзін күш қолданып қорқыту арқылы 2 миллион теңге бопсалағаны туралы шағымданды.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы Теміртау қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайына жүргізілген тінту жұмыстары барысында кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді. Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 194 бабына «Бопсалау» сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.