
Жаздың аптап ыстығында 40 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны өзіне тиесілі саяжайда жұмыс істеген. Күн ұзаққа тынбай еңбектенген қала тұрғыны кешкілік уақытта темекі шекпекші болған. Алайда ол темекісін таппаған. Кейін, қол сөмкесін қараған уақытта ұялы телефонының құлаққабы және 170 мың теңге ақшасының жоғын көрген. Жәбірленушінің арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес Ескіқалалық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орынында тексеру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары куәгерлердің айтуымен күдікті бойынша ақпарат алды. Жедел әрекеттер барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларымен күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.