Қарағанды облысының «Киберпол» қызметкерлері алаяқтарды ұстап, жәбірленушілерге ақша қайтаруды жалғастыруда.

Қарағанды облысының «Киберпол» қызметкерлері алаяқтарды ұстап, жәбірленушілерге ақша қайтаруды жалғастыруда.

Алаяқтық фактілер бойынша қала тұрғындарына бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан алаяқтардың құрығына түсіп қалу бойынша деректер жалғасуда. Қарағандылық тәртіп сақшылары бұл қылмыстың алдын алу мақсатында көшедегі жаяу жүргіншілер өткеліне алаяқтықтың алдын алу бойынша жазулар қалдырып, атақты әншілермен спортшылар ескертпе жасап, «Қазақтелеком» өкілдерімен бірлесіп, үй телефоны бар обоненттерге профилактикалық ескертпелер хабарланып жатсада, сенгіш халықтың қаскөйлердің құрығына түсуі жалғасып, қомақты қаражаттар аударып жатқаны тағы бар. Мәселен, 65 жастағы зейнеткерді жинақтаған ақшасын сақтандырамыз деп алдап, оның атына 7 миллион 400 мың теңге ақша рәсімдеп шешіп алған. Бұл дерек бойынша «Киберпол» қызметкерлері жүргізген кешенді жедел әрекеттер барысында 21 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын ұстап, ол қылмысын мойындады. Балқаш қаласында 21 жастағы қала тұрғынына полиция қызметкерлері алаяқтарға жіберіп қойған ақшасын қайтарды. Жәбірленушіні 19 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны алдап, оның атына 600 мыңнан астам несие рәсімдеп, кейін жәбірленушінің есеп-шотынан шешіп алғаны анықталды. Барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.