
10 тамыз күні Қарағанды облысындағы белгілі ақпараттық агенттіктермен интернет желілерінде полиция қызметкерлерінің отқа оранған көлікті сөндіруге көмектесіп жатқан бейнежазбасы жарияланды. Осыған орай біз, әлеуметтік желілерде қызыл жалынмен алысқан тәртіп сақшыларын тауып, оларды әңгімеге тарттық.-Таңертеңгілік уақытта қызметімізге кірісп, өзімізге бекітілген аумаққа жұмысқа бара жатқанбыз. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтағанымызда алдымызда тұрған «Рено» автокөлігінің капотының астынан түтін шыққанын байқадық. Бірден мен, қасымдағы әріптестерім Сәулет Жамкенов, Мирас Әлкенов және Нұрлан Ақжановпен көлігімізден түсіп, отқа оранған көлікті сөндіруге жүгірдік. Көлік иесі сасқалақтап қалғандықтан ішінде отырып қалды. Біз жүргізушінің өмірі үшін қорықып кеттік. Капотын ашқанымызда маторы жанып жатты. Артынша бізге көмекке екінші экипаж келіп, барлығымыз отты сөндіріп, жұмысымызға кеттік,-деді Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Жаңбырбай Құттыбаев.Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің көмек қолын созғаны желі қолданушылар тарапынан оң пікірлерге толасты.-Біз ешқандай ерлік жасаған жоқпыз. Бұл әр азаматтың парызы,-деді патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Сәулет Жамкенов.