Қарағанды облысында алаяқтық бойынша ақша жеткізуші ұсталды

Қарағанды облысында алаяқтық бойынша ақша жеткізуші ұсталды

5 тамыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 75 жастағы зейнеткер азаматша арызбен шағымданды. Жәбірленушіге өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреу хабарласып, қызының жол-көлік оқиғасын жасағанын айтқан. 50 жастағы қызының кінасы толық дәлелденгенін және оны қылмыстық жауапкершілектен босату үшін ақша талап еткен. Кейін, хабарласқан белгісіз азамат телефон тұтқасын әйел адамға беріп, оның дауысы жәбірленушінің қызының дауысына ұқсас болған. Не істерін білмей қалған жәбірленуші үйінде жинаған 19.000 мың евро және 14.700 АҚШ доллары барын айтқан. Сол кезде хабарласқан адам оның үйіне курьер келетінін айтып, ешқайда бармауын өтінген. Жәбірленуші азаматша ақшаны алып кетуге келген курьер туралы нақты ақпарат берді. Жедел әрекеттер барысында Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен Астана қаласындағы банктердің бірінде ақша салып жатқан жерінен күдіктіні ұстады. Оның 19 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екені анықталды. Ұсталған жігіт ақшаның қандай жолмен келіп жатқанын білген. Оның еліміз бойынша бірнеше фактіге қатысы бары анықталды. Ұсталған сәтте күдіктіден 17800 евро және 115 мың теңге ақша тәркіленді. -Өкінішке орай, алаяқтық туралы полиция қызметкерлерімен бірнеше рет ескертулерге қарамастан алданып қалған адамдардан әлі де арыздар түсуде. Жыл басынан бастап, Қарағанды қаласында «жол-көлік оқиғасына түсті және қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша қажет» деген желеумен алданып қалу дерегі бойынша 80 нен астам арыз тіркелді. Жүргізілген кешенді жұмыстар барысында осы істерге қатоысы бар деген күдікпен 27 адам ұсталса, оның 5 кәмелеттік жасқа толмағандар болса, 13-і такси жүргізушілері. Қала тұрғындарынан егерде сіздерге белгісіз адамдар хабарласып, балаңыз немесе жақын туыстарыңыз жол-көлік оқиғасына түсті және оларды жауапкершіліктен босату үшін ақша қажет деген қоңыраулар болса бірден телефон тұтқасын қойып, 102 телефонына қоңырау соғуларыңызды сұраймын,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин. -Маған телефон соққанда қыз баланың дауысы менің қызымның дауысына қатты ұқсады. Шынымды айтсам қорқып кеттім. Қылмыскерді ұстап, ақшамды қайтарып берген тәртіп сақшыларына алғысым шексіз,-деді жәбірленуші Елизавета Громова.