
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 36 жастағы Саран қаласының тұрғыны хабарласты. Жәбірленуші азамат осы аумақтағы автокөлік базарлардың бірінің маңына көлігін қойып, тауар қарауға кеткен. Сол кезде ол көлігінің есігін жабуға ұмытып кеткені белгілі болды. Осы сәтті пайдаланған белгісіз біреу көліктің ішінен ұячлы телефонды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 110 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел –іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.