Қарағандылық полицейлер тұрғын үй кешені құрылыстарында заңсыз жұмыс жасап жатқан шетел азаматтарына тексеріс жұмыстарын жүргізді

Қарағандылық полицейлер тұрғын үй кешені құрылыстарында заңсыз жұмыс жасап жатқан шетел азаматтарына тексеріс жұмыстарын жүргізді

Қарағанды қаласында полиция қызметкерлерімен тұрғын үй кешені құрылыстарында тексеріс жұмыстары жүргізілді. Аталған кешендерді аралау барысында полиция қызметкерлері құрылыс басшыларына заңсыз еңбекке адамдарды тартудың алдын алу, шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартуды болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс кезінде бірқатар құрылыс объектілерінен заңсыз жұмыс жасап жатқан шетел азаматтары анықталды. Тиісті құжатсыз жұмыс жасап жатқан шетелдіктерге Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзғандықтары үшін елден шығаруға дейінгі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс-шара барысында көші-қон заңнамаларын бұзғандықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке 181 адам тартылса, оның 167 шетел азаматтары. Оның 24-не сот шешімімен елімізден шығару бойынша шешім шығарылды. 14 жұмыс берушіге жалпы құныбір миллионнан астам айыппұл салынды. Қарағанды облыстық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы жұмыс берушілерге шетелдіктерді жұмысқа тарту кезінде көші-қон заңнамаларын қатаң сақтауды ескертеді. -Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 519 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылып, 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертемін. Сондай-ақ, осындай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 395 бабына сәйкес екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, немесе екі жүз сағат қоғамдық жұмысқа тарту, не болмаса 50 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатынын ескертемін,-деп хабарлады облыстық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марина Тен.