Қарағандылық «Киберпол» қызметкерлері шалғайдағы ауылдан алаяқтық жасаған азаматты ұстады.

Қарағандылық «Киберпол» қызметкерлері шалғайдағы ауылдан алаяқтық жасаған азаматты ұстады.

Киберқылмыстар бойынша бірнеше рет алдын алу жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан тұрғындар тарапынан алаяқтардың құрығына түсіп қалу фактілері тіркелуде. Жыл басынан бастап, алаяқтардың құрығына түсіп, алдану бойынша полицияға 1000 нан астам арыз тіркелді.
Мәселен, 28 шілде күні облыстық Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел –іздестіру іс-шаралары барысында Ұлытау облысы, Жәйрем кентінен «ақшаны көбейтемін» деп тұрғындарды алдаған 25 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Күдікті әлеуметтік желіде «25 мың теңге ақша салып, 700 мың теңгеге дейін көбейтемін» деген жалған желеумен жұмыс жасаған. Алайда ұлғайған ақшаны шешіп алу үшін ол қосымша комиссия төлеу керек екенін айтқан. Сөйтіп, ақшаны алып алғаннан кейін ақша салушымен арадағы байланысты үзіп, сөйлескен адамның әлеуметтік желісін бұғаттап тастаған. Полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтың 4 қылмысқа қатыстылығы анықталып, онда күдікті жәбірленушілерге жалпы құны 500 мыңнан астам шығын келтірген. Облысымыздың басқа тұрғыны вертуалдық қызға 2 миллион теңге ақша аударып жіберген. 22 жастағы Абай ауданының тұрғыны мамыр айымен шілде айы аралығында әлеуметтік желі арқылы бір қызбен хат алмасып отырған. Желідегі екеу ара әңгіме жарасқаны соншалық, жәбірленуші азамат сөйлесіп жүрген қызға 2 миллион теңге ақшаны қалай аударып қойғанын білмей қалған. Алданғанын жәбірленуші вертуалды қыздың байланысқа шықпай қойғанда бірақ түсінген. 15 шілде күні Абай аудандық полиция басқармасына алаяқтық бойынша арыз түскеннен кейін тәртіп сақшылары жедел әрекеттер барысында күдіктіні анықтады. Оның 27 жастағы қарағанды қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Жәбірленуші күдіктімен беттестіру барысында таң қалғаны соншалық сөйлесіп жүрген қыз, еңгезердей ер азамат болып шықты. Тұрғындарды алдағаны үшін күдіктілер тергеудің қорытындысы бойынша заң аясында тиісті жазаларын алатын болады. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшыларымен күдіктілердің осыған ұқсас басқада қылмыстарға қатыстылықтары тексерілуде.