
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 56 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, жәбірленуші жеке кәсіпкер және қалада сауда нүктесі бар. Күндердің күнінде оған сатып алушы келіп, сауда жасап, ақшасын ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы төлеген. Алайда ұялы телефоннан көрсетілген чек жалған болып шықты. Келтірілген шығын көлемі 12 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағыда екі қылмысқа қатыстылығы анықталды. күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.