
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші тәртіп сақшыларына белгісіз біреу қоғамдық көлікте қалтасынан ұялы телефонын ұрлап алып, телефондағы мобильдік қосымша арқылы есеп шотынан 138 мың теңге ақша шешіп алғанын хабарлаған. Оған келтірілген шығын көлемі 208 мың теңгені құрады. Кримианалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.