Теміртауда жұмыс істемей тұрған дәмханадан мүліктерді ұрлаған қос күдікті ұсталды.

Теміртауда жұмыс істемей тұрған дәмханадан мүліктерді ұрлаған қос күдікті ұсталды.

Теміртау қалалық полиция басқармасы, Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен мүліктік қылмыстардың алдын алу мақсатында жедел іс-шаралар жүргізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлеріне өз қызметін тоқтатқан дәмханадан ұрлық болғаны туралы ақпарат түсті. Жедел әрекеттер барысында бұл дерек бойынша тәртіп сақшылары 22 жастағы ер азамат пен 27 жастағы азаматшаны ұстады. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Белгілі болғандай, қаскөйлер дәмхананың жұмыс істемейтінін және онда күзетші жоқ екенін біліп, арасына уақыт салып ол жерден бағалы заттарды ұрлаған. Мәселен, ер азамат дәмханадан музыкалық аппарат пен ішімдік заттарын қолды қылса, азамтшаны тоңазытқыш қызықтырған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен шығын көлемі және жәбірленуші тарап анықталуда.