
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне белгісіз біреулердің автокөлік айдап әкеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. 63 жастағы зейнеткер жәбірленуші түнгілік уақытта өзінің көлігін көпқабатты үйдің ауласына қойғанын, таңертеңгілік тұрғанда көліктің жоғын көріп, бірден полицияға хабарлағанын айтты. Аталған дерек бойынша облыстық Полиция департаментінің барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Сол күні Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасы патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен ұрланған көлікті 31 жастағы азаматтың басқаруында ұстады. Көлік тізгінінде болған азамат мас күйде болған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ұсталған азаматқа қатысты көлікті мас күйінде жүргізуге сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, соттың шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.