Қарағандылық полицейлер бір топ жастардың бұзақылық әрекеттеріне тосқауыл қойды

Қарағандылық полицейлер бір топ жастардың бұзақылық әрекеттеріне тосқауыл қойды

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұрақ маңында өзара қарым-қатынасын айқындамақ болған бір топ жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды. Полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Полиция қызметкерлері ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіледі. Көліктер Қарағанды қалалық полиция басқармасының автотұрағына қойылды.  Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.