Қарағанды облысының полицейлері ауыл тұрғынынан 5 киік мүйізімен 5 дана тіркелмеген қару тәркіледі

Қарағанды облысының полицейлері ауыл тұрғынынан 5 киік мүйізімен 5 дана тіркелмеген қару тәркіледі

24 –ші шілде күні Нұра аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметіне қарасты табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында 34 жастағы ауыл тұрғынының жылқы баптаумен айналысатын шаруашылықтың малшысы тұратын үйіне назар аудрды. Оны тексеру барысында полиция қызметкерлері киік 5 дана киік мүйізін тәркіледі. Малшы киік мүйізін жайылымнан тауып алғанын айтты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339 бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары малшы тұратын вагоннан тіркелмеген 5 қару тәркіледі. Алынған қаруларға сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.