Теміртауда зейнеткерлерден немерелері жол көлік оқиғасына түсті деп, медициналық көмек көресетеміз деген желеумен ақша әкеткен жасөспірім-курьер ұсталды.

Теміртауда зейнеткерлерден немерелері жол көлік оқиғасына түсті деп, медициналық көмек көресетеміз деген желеумен ақша әкеткен жасөспірім-курьер ұсталды.

Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 74 және 86 жастағы екі зейнеткер арызбен шағымданды. Олардың белгісіз бір алаяқтардың құрбаны болғандығы анықталды. Жәбірленушілерге белгісіз біреу хабарласып, немерелері жол –көлік оқиғасына түсті. Оларға шұғыл түрде медициналық көмек көрсету керек деп хабарлаған. Кейін алаяқтар ем шаралары үшін ақша керектігін айтқан. Ақшаны алу үшін жас өспірім курьер ретінде барып, бірінші жағдайда 1 миллион 100 мың теңге әкетсе, екінші рет 1 миллион 300 мың теңге ақша алып кеткен. Сол күні ақша бергеннен кейін зейнеткерлер немерелері ешқандай жол-көлік оқиғасына түспегенін білген. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 16 жастағы жас өспірім анықталып ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, жұмысты интернет желісінен тауып алғанын, ақшаның жартысын жұмыс берушіге, ал жартысын өзіне алып қалғанын айтты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.