Саран қаласының ішкі істер бөлімі

Саран қаласының ішкі істер бөлімі

Әрбір  бөлімінің  өзіндік   бір тарихының тамырлары тереңде жатыр. Саран қаласының ішкі істер бөлімі туралы алғашқы ақпаратта былай деп көрсетілген: 1956  жылы Қарағанды қаласындағы  7 қалалық бөлім таратылып, соның  базасында  Саран  қалалық  милиция бөлімі құрылған. Саран қаласының аумағындағы қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің құрылуы (әуелі кентте, кейін қалада) елді мекеннің пайда болуымен тұтас келді. Атауларда көптеген өзгерістер болып жатса да, адамдардың өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғау, қылмыспен күресу жұмыстары- негізгі өзгермейтін міндеті болып қалды. Саран қалалық ішкі істер бөліміне сол кезде майданда шыныққан қызметкерлер келді.  Атап айтқанда, Федор Силович Бородай. Федор Силович Қызыл Әскер қатарында қызмет етіп, Саран кенттік милиция бөлімінде комендант көмекшісі, күзету бөлімнің бастығы лауазымдарды атқарған. Митрофан Филиппович Маниулов сұм соғыстың кәугері болғанымен,  халықты қорғаудан бас тартпады. Митрофан Филиппович Саран қаласы ІІБ түзету жұмыстары инспекцияның бастығы лауазымын мінсіз атқарған. Естелік кітапта Маниулов  ұжым туралы былай жазған: «Саран қаласы ІІБ ұжымы өте ұйымшыл, облыс бойынша әрдайым бірінші орындарда болатынбыз. Біздің бөлімшеге басқа облыстың өкілдері тәжірбие алмасуға келетін». Қиын да жауапкершілігі мол қызметте ерлермен бірге қоса қызмет атқарған  әйел  азаматшаларымызда   баршылық. Олар: марқұм Татьяна Григорьевна Малиновская – Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, ішкі істер органында  25 жылдай тергеу саласында қызмет етті.   Агреппина Дмитриевна Гершунова – кәмелетке  жасқа толмағандар істері жөніндегі қызметте еңбегін сіңірді. Марқұм Нина Ивановна Павлова – паспорттық үстелде  қызметтік борышын өтесе, Раиса Оспанқызы Баирленова – кәмелетке жасы толмағандар істері жөніндегі топты басқарды. Полиция подполковнигі Людмила Эдуардовна Алеексеенко криминалдық полиция бөлімшесінің іздестіру тобында қызмет атқарып, қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста. Қалалық ішкі істер  бөлімінің  тарихында  есімі ерекше аталатын тұлға - Иса Салавдинович Кубаев, ол 1965 жылы туған, Саран күзет бөлімінің милиционері милиция старшинасы. Ол 1992 жылы 13 сәуірде қауіпті қылмыскерді  ұстау  барысында  оқ тиіп, қаза болды. «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған (қаза тапқаннан кейін). Мемлекет сеніп тапсырған қалалық ішкі істер бөлімін басқарып, өз  міндетін мінсіз атқарған бастықтар: Н.Л.Маланин, Т.А.Шульга, И.Г.Полуян, А.А.Кожухов, А.А.Ребро, Ф.П.Червинский, Н.И.Севастьянов, А.Г.Деев, Д.К.Адамбеков, Д.К.Нұрпеисов,Т.Қ.Молдабеков, Т.Б.Утеубаев, С.М.Ким, Е.Б.Рахымбергенов, Б.К.Ахимбеков, Қ.Ж.Әлиев, Е.Б.Оспанов. Қазіргі таңда Саран қаласының ішкі істер бөлімін полиция полковнигі Рустам Үрістемұлы Күлкеев басқарады. Саран қаласы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері міндеттерін тиісінше орындап,  Отан алдындағы борыштарын мінсіз атқаруда.  Саран қ.ІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қайрат Үлгіліұлы Шаяхметов өзінің тапқырлығы арқасында, ауа – райының ауырлығына қарамастан, боранды түнде ерлік іс жасап жеті адамды құтқарған. Бұл жағдай 2007 жылдың 25 ақпанында орын алған. Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің кезекші бөлімінен «Қарағанды - Абай» автотрассасында Бұқар жырау ауданы Жаңа – Дубовка кентінде жолдың көрінбеу себебімен кішкентай баласы бар автокөлік жүре алмай тұрғаны туралы хабарлама түскен. Боранда тұрып қалған жүргіншілерге құтқаруға Саран қ.ІІБ Қ.Ү.Шаяхметов жіберілген. Ол жеке кәсіпкердің автокөлігін сұрап, жолда қалған адамдарға жетіп, оларды аман – есен құтқарады. Осы ерен еңбектің арқасында Қайрат Үлгіліұлына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақордада «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.