Саран қалалық Ішкі істер бөлімі 1956 жылы құрылған деп көрсетілген тарихта. Сол уақыттан бері Ішкі істер бөлімін 18 басшы басқарған

Саран  қалалық  Ішкі істер бөлімі  1956 жылы құрылған деп  көрсетілген тарихта. Сол уақыттан бері  Ішкі істер бөлімін 18 басшы басқарған

Бұл азаматтар өздерінің  білігі  мен білімі арқасында білікті қызметкерлерді даярлаған. Ардагерлерден құрылған Ардагерлер кеңесі қызметкерлер үшін сарқылмас қазына.  22 жыл бойы Саран  қаласының Ардагерлер кеңесінің  төрайымы  Раиса  Успанқызы  Баирленова. Ішкі істер бөлімінде жас  қызметкерлерге  үлгі  боларлықтай  қызметтегі бағдарлаушы,  ардақ   тұтар аға буын өкілдері де баршылық. Саран қаласы  ІІБ  бастығының  орынбасары  қызметін  атқарған, кәзіргі кезде зейнеткер ардагер полиция полковнигі Қайрат Үлгіліұлы    Шаяхметов   2008 жылы   қыста,   қалың  қар мен боранда қалған отбасы мүшелерін  аман алып қалғаны үшін,  Қазақстан  Республикасы Перзидентінің Жарлығымен   «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Ұлы  Отан  соғысына қатысқан ардагерлеріміз де бар. Олардың ішінде Шульга  Трофим  Афанасьевич  1957  жылдан  бастап  1960  жылға дейін  осы ішкі істер бөлімін басқарған. Ардагер  Омарханов  Асылхан өзінің  қызмет жолын бөлімнің учаскелік  милиция  инспекторы  лауазымынан бастаған. Сонымен қатар Бородай Федор Силаевич, Мануилов Митрофан Филлипович, Сейтқожин Өміржан Толегеновичтер Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер органдарының ардагерлері. Бұл жерде ІІО ардагері Елимесов Евгений Тулегеновичтің МАИ қызметіндегі қызметтік нысанды заттары. Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер органдарының ардагері Омарханов Асылхан атаның жеке мүліктері. ІІО  ардагері  1960  - 1963 жылдар аралығында бөлімнің басшысы болған Кожухов Алтынбек Абдилманатовичтің жеке мүлкі. 1949 жылдан 1956 жылға дейін  басшылық қызметте болған ҰОС ардагері Маланин Николай Леонидовичтің «Қызыл жұлдыз» ордені. Бұл орденді полиция бөлімінде музей ашылады дегенді естіген Николай Леонидович Маланиннің немересі әкеліп, табыстады. ІІО ардагері Адамбеков Көмек Копбаевичтің жеке мүлкін қызы Қарғаш Көмековна әкеліп, табыстады. ІІО ардагері әрі тыл еңбеккері Агриппина Дмитриевна Гершунованың музейге табыстаған медальдары, жеке мүлкі. ІІО ардагерлеріне деген құрметіміз зор. Бұл кісілер жас қызметкерлерге үлгі – өнеге көрсетіп, көмектерін аямайды. Ауған соғысына қатысқан ардагерлеріміз  милиция полковнигі Адамбек   Досбек   Копбайұлы, бұл  кісі 1990 жылдан 1991 жылға дейін бөлім  басшысы қызметінде болған. Милиция полковнигі Сүлейменов Марат Жаханович, полиция майоры Эрбутаев Рустам Каримович. ІІО ардагері Валентина Ивановна Петренконың құрмет грамоталары, бұл кісі 1984 жылдары кәзіргі Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлының серіктесі болған. Валентин Ивановнаның қызы мен күйеу баласы да ІІО қызмет атқарған. ІІО ардагерлері Серік Қуатұлы Тлекбаев пен Виктор Петрович Пеннердің жеке мүліктері. 1992   жылдан   1997 жылға дейін осы бөлімнің басшысы болған Тұрсын Каппарович Молдабековтың жұмыс столы. Музейіміздің төрінен құрметті орын алып тұрған, осы бөлімнен өздерінің қызмет жолдарын бастаған, бөлімнің мақтаныштары, қызметкерлерге үлгі –өнеге болатын 3 генералымыз. Қазақстан Республикасының бұрыңғы  Ішкі істер министрі болған полиция генерал – лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев, Саран қаласының ішкі істер бөлімінде 1984 жылдан бастап 1986 жылға дейін жедел уәкіл қызметін атқарған. Бұл кісінің алғашқы баянаттары, өндіріске қабылдаған өтініштері, сол кездегі баспа машинкасымен басылған қаулылары, осы құжаттардың түп нұсқалары  және Ерлан Заманбекұлының ең алғашқы арнайы милиция лейтенанты атағын алған кездегі бұйрықтың үзіндісі. Әлімжан Ахмадиұлы Ахмадин ІІО-да 40 жылдай қызмет еткен. Оның 20 жылы Қарағанды облысында. Алғашқы қызметін біздің бөлімде 1959 жылдары  жедел уәкіл лауазымынан бастаған. Әлімжан Ахмадиұлы кәзір 83 жасында Алматы қаласының  Полиция департаменті  Ардагерлер кеңесінің төрағасы  қызметін  атқарады. Біздің бөлімде музей ашылады дегенді естіп, ең алғаш қатты қуанышын жеткізген адам. Музейге өзінің «Жить по чести» және «Бақыт сенің қолында» деген  екі   кітабын жақсы пікір жазып, қолтаңба қойып,  сонымен қатар өзінің Әділет генерал – майоры нысанды киімін қуана табыстады. Полиция генерал – майоры марқұм Нұрлан Армияұлы Рахимберлин. Нұрлан Армияұлы 1981 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын Саран қалалық ІІБ учаскелік милиция инспекторы қызметінен бастаған. ІІО-да 35 жылдан астам қызмет еткен. Заң ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы ІІМ еңбегі сіңген қызметкер. 2004 жылдан 2013 жылға дейін Қарағанды облысының ІІД басқарған. Қызмет  барысында  Нұрлан   Армияұлы 17  мемлекеттік марапатқа ие болған, оның ішінде  2012  жылы  Балхаш  қаласындағы колонияда  болған аса ауыр қылмыста, тұтқындалған адамдарды босату  бойынша арнайы операция өткізгені үшін «Ерлігі үшін»  медалімен марапатталған. Полиция қызметі аса ауыр қызмет түрі десек жаңылыспаймыз. Күн демей, түн демей, жеке уақытымен санаспай, қырағылықпен қызмет ету әр адамның қолынан келе бермейді. Осы жолда барын сала, өзінің  өмірін де құрбан еткен, асқан мақтаныш сезіммен еске алатын әріптесіміз милиция старшинасы  Иса   Салавдинович Кубаев,ол  Саран қаласының күзет бөлімінің милиционері қызметін атқарған.1992 жылғы көктемде қауіпті қылмыскерді ұстау кезіңде қаза болған. Қаза  болғаннан  кейін  «Ерлігі үшін» медалімен  марапатталып, медаль  туғандарына табысталған. Бұл күндері Иса Салавдиновичтің медалі, қызметтік куәлігі біздің музейімізде.