Теміртауда көліктен 100 мыңнан астам ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Теміртауда көліктен 100 мыңнан астам ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші жұмыстан келген соң көлігін көпқабатты үйдің ауласына қойған. Сағат 16.30 шамасында белгісіз біреу көлігіне кіріп, 107 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай 33 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.