
Абай аудандық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі және жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен «Қарасора -2023» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында марихуана есірткі затын өсірумен айналысады деген күдікпен 35 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Тексеріс жұмыстары барысында ақпарат расталды. Күдіктінің мекен жайын тексеру барысында полиция қызметкерлері ерекше иісі бар жасыл түсті 747 түпті тәркіледі. Сондай-ақ, күдікті тұратын үйдің қорасынан кептірілген өсімдікт тектес затты тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктің «қарасора» есірткі заты, ал кептірілген зат пайдалануға болатын салмағы 1 келі 140 гр. марихуана екені белгілі болды. Күдікті есірткі затты өзі пайдалану үшін өсіріп, кептіргенін түсіндірді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.