
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне жеке кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелердің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Тәртіп сақшыларымен, белгісіз біреулер мекеменің жертөлесіне кіретін темір есікпен 2 бейнебақылау камерасын ұрлап кеткені анықталды. Жәбірленуші тарапқа келтірілген шығын көлемі 160 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 мен 22 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Күдіктілер темір есікті өткізіп ақша алмақшы болғандықтарын, ал бейнебақылау камераларын өздерінің ұрлығын жасыру мақсатында алып кеткендіктерін мойындады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.