
Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 2022 жылдың қараша айында 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші қаладағы қоғамдық көліктердің бірінде жүргізуші болып қызмет атқарады. Сол күні аялдамалардың бірінде белгісіз біреу сырт киімінің қалтасынан құны 130 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап әкеткен. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Арада алты ай өткен соң криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.