
23 сәуірде Қарағанды қаласының ЖЭО-3 маңындағы бақылау-өткізу бекетінде Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылынан келе жатқан машина тоқтады. Көліктен жас жігіт шығып, полицияға жүкті әйелінің босанып жатқанын айтты. Патрульдік полиция қызметкерлері уақытты босқа өткізбей, ерлі-зайыптыларды ең жақын ауруханаға жеткізіп салды. Мұның бәрі он минутты алды