
Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен мүліктік қылмыстардың алдын алу мақсатында жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді. Сағат 9.00 шамасында тәртіп сақшыларының назары ауыл жақтан дала жолымен келе жатқан жеңіл көлікке ауған. Полиция қызметкерлері күдік тудырған көлікті 43 жастағы азаматтың басқаруында тоқтатты. Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында жүк салғыш бөлігінен бұзауды анықтады. Жүргізуші көлікке тиелген бұзаудың өзіне тиесілі екенін дәлелдейтін ешқандай құжат көрсете алмады. Тексеру жұмыстары барысында 43 жастағы азамат, бұзауды көршісінен ұрлап алып, сатып жібермекші болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.