
Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Жәбірленуші белгісіз біреу кәмелеттік жасқа толмаған баласынан қарызға ақша сұрап алып, бірнеше күннен кейін қайтарып беремін деп алаяқтық жолмен 237 мың теңгесін алып кеткені туралы арызданды. Алайда алаяқ алған ақшасын қайтармаған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізулуде.