
9 шілде күні сағат 20.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 46 жастағы азаматшадан арыз түсті. Азаматша, полицияға өзінің 12 жастағы ұлының із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлады. Белгілі болғандай, ұлы күндіз сағат 13.00 шамасында ойнауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Баланы анықтау бойынша барлық жеке құрамға бағыттама берілді. Сағат 21.00 шамасында полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары баланы жеке үйлердің аумағынан тауып алды. Баланың анасы полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттеріне алғысын білдірді.