Теміртаулық полицейлер дәмханадан ішімдік заттарды ұрлаған азаматты ұстады.

Теміртаулық полицейлер дәмханадан ішімдік заттарды ұрлаған азаматты ұстады.

Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 49 жастағы азаматшадан арыз түсті. Жәбірленуші, қалада жеке кәсіппен айналысатыны, өзіне тиесілі дәмханасының бары белгілі болды. Түнгілік уақытта белгісіз біреулер оның дәмханасының есігін бұзып, ішінен бірқатар ішімдік заттарды ұрлап кеткені анықталды. Келтірілген шығын көлемі 193 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен «ізін суытпай» 29 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.