Шаруа қожалығында механизатор болып қызмет атқарған ауыл тұрғыны жұмыс орынынан жанар-жағармай ұрлап әкеткен.

Шаруа қожалығында механизатор болып қызмет атқарған ауыл тұрғыны жұмыс орынынан жанар-жағармай ұрлап әкеткен.

Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық полиция бөліміне 61 жастағы шарауа қожалығы иесінен арыз түсті. Жәбірленуші белгісіз біреу жанар-жағармай тасыйтын көліктен 200 литр дизельдік отынын ұрлап әкеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 59 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен аталған істі ашы бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында күдікті анықталды. 57 жастағы күдіктінің бұрын осы қожалықта механизатор болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол жасаған ұрлығы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұрланған дизель отынын ол өз пайдасына жұмсамақшы болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.