Қарағанды облыстық Полиция департаментінде жаунгерлік және даңқ мұражайының құрылуына 42 жыл толуына орай «Өткен күннен белгі бар» атты іс-шара болып өтті. Аталған шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, жас қызметкерлер қатысты. Сонымен қатар игілікті іс-шараға Қарағанды облысы бейнелеу өнерінің мұражай директоры Бибүгіл Құдабаева, Карлаг мұражайының ғылыми қызметкері Иван Кондаршов, «Горький Сахар» фильміне қатысушы, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актрисасы Нұржібек Жансүгірова арнайы қатысты. Іс-шараны департамент бастығы, полиция генерал-майоры Санжар Әділов ашты. -Біздің мұражай осыдан тура 42 жыл бұрын өз жұмысын бастады. Қазір бұл жерде үш мыңнан астам құнды жәдігерлер сақталған. Мұражайдың ашылуына үлкен қол қабыс еткен Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы милиция полковнигі Иван Алексеевич Васильев. Мұражай Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі маңызды саланың бірі. Өткен күндегі тарихымызды сақтап, бүгінгі ұрпаққа кешегі тарихымызды жеткізуде мұражайдың алатын орыны ерекше. Сондықтанда біз мұражайдың ашылуына қол қабыс етіп, бүгінде осы мұражай арқылы өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп жатқан әрбір мұражай қызметкеріне бас иіп тағзым етеміз,-деді Санжар Әділов құттықтау сөзінде. Осыдан кейін полиция генерал-майоры жауынгерлік және даңқ мұражайының директорын Ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағатпен және алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ шақырылған қонақтар мен ішкі істер органдарының ардагерлері де алғыс хатпен марапатталды. -Мен 1981 жылы осы мұражайдың ашылу салтанатында болғанмын. Содан бері 42 жыл өтті. Қазір біздің мұражаймен танысуға егде жастағы адамдармен қоса жас балалар да келеді. Бұл өткен тарихымызбен келешегімізді білуге өте ыңғайлы деді, облыстық Полиция департаменті және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұман Нұрпейісов. -Шынында да мұражайдан көретініміз және алған әсеріміз көп. Мұражай директоры Айжамал Айтжанованың осы мұражайға келген жас күні әлі есімде. Ол мұражайдың бай тарихын сақтап, бүгінге жеткізуші. Сондықтанда оған бар жақсылықты, шығармашылық табысты тілеймін,-деді ішкі істер органдарының ардагері Николай Калашников. Іс-шара соңы тәртіп сақшылары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.