Балқаш қаласының полицейлері тонау қылмысын ашты

Балқаш қаласының полицейлері тонау қылмысын ашты

     

Қарағанды облысы, балқаш қалалық полиция бөліміне кешкі сағат 20.00 шамасында қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Жәбірленуші 35 жастағы қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне кешкілік уақытта біреу үйінің есігін қаққанын, кейін көршілер ме деп ойлап, есік ашқанда екі белгісіз адам оған күш қолданып, үйіне баса көктеп кіріп, қонақ бөлмесінен қол сөмкені алып, оқиға орынынан ізін суытқанын айтты. Қол сөмкеде жәбірленушінің 280 мың теңге ақшасы болған. Оқиға ойламаған жерде болғандықтан жәбірленуші күдіктілер туралы ешқандай мәлімет бере алмады. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 мен 28 жас аралығындағы екі адам ізін суытпай ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.