Ресей азаматы ұрланған көлігін тауып берген қарағандылық полицейлерге алғыс білдірді

Ресей азаматы ұрланған көлігін тауып берген қарағандылық полицейлерге алғыс білдірді

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділовтің атына (Санкт-Петрербург қ.) «АвтоКосмос» акционерлік қоғамының директоры Олег Федоткиннің хаты түсті. «Өз атымнан және қауіпсіздік қызметінің басшысы Сергей Яреманың және мекеме қызметкерлерінің атынан Қарағанды облыстық Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының взвод командирі Азамат Байдуринге, қызмет инспекторлары Титек Кишкендаевқа және Дамир Құдайбергеновке сауатты және кәсіби қызметтері үшін алғыс білдіремін. Олардың кәсіби-сауатты қызметтерінің арқасында біздің компаниядан ұрланып, кейін сатып жібермекші болған БМВ 520DX DRIVE автокөлігі табылды. 19 ақпан күні аталған автокөліктің ұрлануы бойынша Санкт-Петербург қаласы Василеостров ауданының Тергеу басқармасымен қылмыстық іс қозғалған. Жоғарыда аталған қызметкерлер өздеріне түскен ақпарат бойынша жедел әрекет етіп, ұрланған көлікті тасмалдап бара жатқан эвокуаторды ұстады. Біз олардың адал қызметтеріне және өзгенің мүлкіне жанашырлық танытқандықтарына алғыс білдіреміз»,-деп жазды хат иесі.