
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9 қаңтардағы қаулысына сәйкес 2022 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін елімізге шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру науқаны 30-шы маусым күні аяқталды. Осы аралықта Қарағанды облысында шамамен 6500 шетелден келген көлік және 1200 құрастырушы-көліктер заңдастырылды. Сонымен қатар шетелден әкелінген көліктерін заңдастыруға 30 шы маусымға дейін өтініш беріп, заңдастырып үлгермеген көлік иелеріне заңдастыруға мүмкіндік беріледі. -Бүгінде әртүрлі себептермен, оның ішінде оларға қойылған шектеулерге байланысты заңдастырылмаған автокөліктер 200 мың теңге төлемей 5 жыл мерзімге уақытша есепке қойылады деген шешім қабылданды. Көлік иелеріне көліктерін тіркеу туралы куәлік және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі. Мемлекеттік тіркеу нөміріне төленетін баж салығы 9660 теңгені құраса, көлік құралын тіркеу туралы куәлігіне-4313 және әдеттегі тіркеу үшін 863 теңге алымды төлеу қажет. Автокөлікті басқа елдегі соңғы тіркелген жері бойынша есептен шығарған жағдайда оны азңдастыру ережелеріне сәйкес тіркеуге болады. Егер Қазақстан азаматтары автокөліктерді елден тыс жерлерге әкету туралы шешім қабылдаса, онда олар Қазақстан Республикасының көлік құралдарын тіркеу куәлігін және мемлекеттік тіркеу нөмірін тапсырып, оларға тіркеу құжаттары мен шет мемлекеттің мемлекеттік тіркеу нөмірі қайтарылады. Біз автокөліктерді жария ету бойынша бұрын берілген өтінімдерді тіркеу бойынша жұмысты жалғастырамыз, мамандандырылған ХҚКО ангары штаттық режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Процессинг орталығының қызметкерлері азаматтарға автокөліктерді заңдастыру және оларды уақытша есепке алу мәселелері бойынша кеңес беруді жалғастыруда, - деді Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Кәкімов.