Теміртауда дәмханаға келуші зейнеткердің ақшасымен банк картасын ұрлап әкеткен.

Теміртауда дәмханаға келуші зейнеткердің ақшасымен банк картасын ұрлап әкеткен.

 Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 72 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша белгісіз біреулер 30 мың теңге ақшасын және банк картасын ұрлап әкетіп, картадан 23 мың теңге ақша шешіп алғанын айтқан.
Белгілі болғандай оқиға қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Күдікті дәмханадағы жағдайды пайдаланып, киім ілетін бөлмеден жәбірленушінің киімінің қалтасында тұрған банк картасы мен ақшасын алып кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы азаматша ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.