Қарағанды облысының бас полицейі Абай қаласында қызмет бабында қаза болған қызметкердің отбасына барды

Қарағанды облысының бас полицейі Абай қаласында қызмет бабында қаза болған қызметкердің отбасына барды


Осыдан 23 жыл бұрын аса қауіпті қылмыскерді ұстау барысында полиция қызметкері Александр Истомин ерлікпен қаза тапқан еді. Спортты жанына серік еткен, адал дос, тәжірибелі қызметкер Александр артына өшпес із қалдырды. Қаза болған қызметкердің ерлігін өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында Полиция департаментімен көркем фильм түсіріліп, ол тұрған үйге мемориалдық тақта тасыда ілінген болатын.
Қызмет бабында қаза болған Александр Истоминді әріптестері әрқашан еске алып, артында қалған анасы Валентина Истоминаға үнемі қолдау көрсетіп отырады.
Қазақстан Полициясы мерекесі қарсаңында ерлікпен қаза тапқан әріптесіміздің отбасына Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов арнайы барып, батыр ұл тәрбиелеп өсірген анасына құрмет көрсетіп, департамент басшылығымен әріптестерінің атынан сый-сияпат жасап, кір жуатын машина сыйға тартты.
Сол күні облыстың бас сақшысы Санжар Әділов Абай аудандық полиция басқармасына арнайы барып, полиция басқармасында кітапхана ашу рәсіміне қатысты. Аталған кітапханада полиция қызметкерлерінің бос уақытында оқуына қажетті кітаптармен толықтырылған. Кітапхана тек тәртіп сақшыларына ғана емес, полиция бөліміне келушілерге де есігі айқара ашық.
Шара соңында облыстың бас сақшысы Санжар Әділовке Абай аудандық полиция басқармасы басшылығының атынан Абай Құнанбайұлының кітабы сыйға тартылды.