Қазақстан Полициясы мерекесі қарсаңында Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасында жауынгерлік және даңқ мұражайы ашылды.
Қазақстан Полициясы мерекесі күні қарсаңында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасында болып, жауынгерлік және даңқ мұражайының ашылу салтанатына қатысты. Іс-шара алдымен аудандық полиция басқармасының ауласында қызмет бабында қаза тапқан Қайрат Хомутовпен Рахат Әдешовтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақта тасына гүл шоқтарын қойудан басталды. Оған қаза болған тәртіп сақшыларының туған-туыстары, полиция қызметкерлері және ардагерлер қатысып, мемориалға гүл шоқтарын қойып бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
-Халықтың тыныштығымен қауіпсіздігін қорғауда жан тапсырған әріптестеріміз жетерлік. Оның дәлелі Қайрат Хомутовпен Рахат Әдешовтің жасаған ерліктері. Біз олардың ерлігіне әрқашан бас иіп, тағзым етеміз. Олар елдің тыныштығын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау жолында қаза тапты. Олардың есімдері біздің мәңгі жадымызда,-деді полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Еске алу шарасында сөйлеген сөзінен кейін, облыстың бас сақшысы қаза болған әріптестеріміздің жұбайларына «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерекелік медальдарымен гүл шоқтарын табыстады.
-Полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасында түсіністік болуын тілеймін. Сіздер өз мамандықтарыңызға берілген жансыздар. Сондықтанда халықтың тарапынан сіздердің ауыр да күрделі жұмыстарыңызға әрқашан түсіністік болса екен деймін. Облыстық Полиция департаменті басшылығына қаза болған әріптестердің отбасын ұмытпай kсыйлап жатқандарына алғысым шексіз,-деді қаза болған Қайрат Хомутовтың жұбайы Гүлнар Хомутова.
Осыдан кейін, полиция бөлімінің ғимаратында жауынгерлік және даңқ мұражайының ашылу салтанаты болды. Мұражайда аудандық полиция бөлімінің кешегісімен бүгінгі күнінен сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылған. Шара соңында департамент бастығы Санжар Әділов мұражайға кітаптармен теледидар сыйға тартты.