Қарағанды облысының полиция қызметкерлері мен күзет ұйымдарының өкілдері өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері мен  күзет ұйымдарының өкілдері өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қарағанды облысы ПД күзет ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараның тақырыбы – қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында ішкі істер органдарының жеке күзет ұйымдарымен өзара іс-қимылы.
Жиынды облыстық полиция департаментінің бастығы генерал-майор Санжар Адилов ашты.
-Ішкі істер министрлігі әзірлеген қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы құқық бұзушылықтың алғышарттарын жою, қоғамда заңдылықтың бұзылуына мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс стратегиясын айқындайтын бағдарламалық құжат болып табылады және полиция жұмысының сервистік моделіне көшу. Қазіргі жағдайда азаматтардың, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға және сақтауға бағытталған құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту бойынша полиция мен жеке күзет ұйымдарының өзара іс-қимылын үйлестіру маңызды, екендігін айтты. Бұл ретте С.Адилов іс-шараларды өткізу кезінде жеке қауіпсіздіктің рөлін күшейтуге назар аударды. Бірақ бұл мәселе мұқият қарауды қажет етеді. Полицейлер, облыста олардың саны 255-ке жеткен ,күзет ұйымдары ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл жасауға әрқашан дайын екенін атап өтті. Күзет ұйымдарының техникалық жарақтандырылуына қатысты мәселелер бар – бақылауға алынған нысандарда сыртқы және ішкі бейнекамералардың санын көбейту қажет. Олардың қауіпсіздігін нығайту. Сондай-ақ қаруды беру мен сақтауда тәртіпке келтіру, жеке құрамды іріктеуде полициямен бірлесіп жұмыс істеу алгоритмін әзірлеу талап етіледі. Ал сақшыларға, сондай-ақ полицияға берілген жағдайда олардың әрекетін растай алатын бейнежетондар берілуі керек.
Қатысушылар бірлесіп қана оң нәтиже беретініне сенім білдірді.