ММА -дан әлем чемпионы Санжар Әділов Қарағанды облыстық Полиция департаментінің командасымен қоян-қолтық ұрыс бойынша жаттығу өткізді

ММА -дан әлем чемпионы Санжар Әділов Қарағанды облыстық Полиция департаментінің командасымен қоян-қолтық ұрыс бойынша жаттығу өткізді

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Санжар Әділов, ММА дан халықаралық спорт шебері, әлем чемпионы, жекпе-жек өнерінің үздігі, өзінің аттасы Санжар Әділовті «Динамо» денешынықтыру қоғамдық ұйымына арнайы шақырды. Бұл жерде әлемге аты әйгілі спортшы облыстық Полиция департаментінің қоян-қолтық ұрысы бойынша Ішкі істер министрлігінің чемпионатына дайындалып жатқан спортшыларға жаттығу өткізіп, өзінің сүйікті әдістерін көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті. -Біздің шақыртуымызбен «Динамо» денешынықтыру залына келіп, полиция қызметкерлерімен тәжірибесін бөліскен Санжарға алғысымды білдіремін. Бүгінгі кездесу спортта жүрген тәртіп сақшыларына тиімді болды деген ойдамын,-деді департамент бастығы Санжар Әділов. Кездесу соңында департамент бастығы үздік спортшыны алғыс хатпен және Ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағатпен марапаттады. -Полиция департаментінің спортшыларымен кездескеніме өте қуаныштымын. Әрқашан тәртіп сақшыларын қолдауға дайынмын. Оларға алдағы чемпионатта тек сәттілік тілеймін,-деді әлем чемпионы, аралас жекпе-жегінің шебері Санжар Әділов.