Қарағанды облысының полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мерекелер ұйымдастырды.

Қарағанды облысының полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мерекелер ұйымдастырды.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қарағанды облысының ПД сондай-ақ барлық барлық бөліністерінің қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілері, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін тосынсыйлар жасауды өздерінің міндеті деп санады.
Мәселен, облыс ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкерлері осы басқарманың бұрынғы бөлім бастығы, пандемия кезінде қайтыс болған полиция полковнигі Мұрат Уақпаевтың отбасына барды. Олар оның екі қызына жемістер, тәттілер мен ойыншықтар салынған себеттерді табыс еткен болатын. Облыс ПД тергеу басқармасының полицейлері Қарағанды қаласының "Әсем" балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесер алдында олардың ең басты тілегі қандай екенін алдын ала анықтады. Балалар фастфуд пен "Colа" сусыны түрінде "тез дайындалатын"тағамдарды көбірек көргісі келетіні белгілі болды. Тергеушілер оларға осындай мүмкіндік жасап, балалар үйінің 31 тәрбиеленушісінің әрқайсысына "Colа" сусыны мен тез дайындалатын тағам ұсынды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері облыс ПД кадр жұмысы басқармасымен бірлесіп балалар үйлері мен аз қамтылған отбасыларынан шыққан 140 балаға арналған "Kinoplexx" кинотеатрына саяхат ұйымдастырды. "Кішкентай су перісі" анимациялық фильмін көру балаларға ұмытылмас әсер мен қуаныш сыйлады. Олардың көпшілігі үшін бұл көрермендер залына барудың және үлкен экранда "мультфильмді" көрудің алғашқы мүмкіндігі болатын. Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөлімінің бастығы Арман Меллатов "Аманат" партиясының өкілдерімен асыраушысыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға ерекше назар аударды. - Бұл балалар өмірде әр түрлі себептермен әлеуметтік қамсыздандырудан тыс қалған бүлдіршіндер. Біздің полиция бөлімінің аумағында осындай бес отбасы бар. Қазіргі уақытта біз оларға зейнетақы мен жәрдемақы алу үшін құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесудеміз. Сондықтан біз бірінші кезекте кімге бару керектігін біліп, оларға азық-түлік жиынтықтары мен ойыншықтары бар себеттерді тарту еттік. Балалардың мұндай бақытты шағын көру ешнәрсемен салыстыруға келмейтін дүние,-деп атап өтті А.Меллятов