Балқашта ер адам ата-анасының саяжайында бірнеше ұрлық жасаған

Балқашта ер адам ата-анасының саяжайында бірнеше ұрлық жасаған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғыны арызданған. Әйел белгісіз біреу құлыпты бұзып, саяжайға кіріп, мүлкін ұрлап кеткенін хабарлады. Полицейлер анықтағандай, ұры қолына ара, дәнекерлеу аппараты, магнитофон, бес самауыр және металл бұйымдарын алған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 600 мың теңгені құрады. Оқиға орнында доңғалақ протекторының айқын іздер қалған- бұл қаскөйдің ұрланған құндылықтарды көлікте алып кеткенін көрсетті. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады, ол арызданушының ұлы болып шықты. Ол кінәсін мойындап, оған ақша қажет екенін және осы себепті ата-анасының саяжайынан ұрлық жасағанын түсіндірді. Қылмыскер ұрланған мүліктің бір бөлігін сатып, бір бөлігін металл қабылдау пунктіне тапсырған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті саяжайға бұған дейін тағы екі рет келгені, іс жүзінде оны үй шаруашылығынан толық «босатқаны» анықталды.