Қарағандылық полицейлер есірткі қойып кетіп жүрген Ресей азаматын қолға түсірді

Қарағандылық полицейлер есірткі қойып кетіп жүрген Ресей азаматын қолға түсірді

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы гараждардың аумағынан 24 жастағы азамат ұсталды. Ол өз еркімен 18 орам ұнтақ тәрізді ақ түсті заттарды берді. Ұсталған азамат, осыған дейін бірнеше жерге есірткі жасырып үлгергені туралы мойындады. Оның қатысуымен оқиға орындарына жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері тағыда 32 орам ақ түсті ұнтақ заттарды тәркіледі. -Күдікті есірткі сатумен айналысып жүргендігін мойындады. Ол өзінің Ресей азаматы екенін және бұл «жұмысқа» әлеуметтік желі арқылы орналасқанын түсіндірді. Сараптама қорытындысына сәйкес Ресей азаматынан тәркіленген зат 30.1 гр. есірткі заты екені белгілі болды,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың Ресей Федерациясында есірткі сатқаны үшін іздеуге жарияланғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.