Қарағандылық тергеуші Бангкокте джиу-джитсуден өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Қарағандылық тергеуші Бангкокте джиу-джитсуден өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Тайланд астанасы Бангкок қаласында джиу-джитсуден өткен Әлем чемпионатында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөлімі, тергеу бөлімшесінің тергеушісі Аян Әмзе алтын медальға ие болды. Аян, Қазақстан құрама командасының ішінде чемпион атанған жалғыз қыз. Спортпен осыдан алты жыл бұрын мектеп оқып жүргенде айналыса бастаған. Аян үшін бұл жыл жемісті болды және полиция лейтенанты мұнымен тоқтап қалмайды.