Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы жұмыс сапарымен Шет ауданында болды.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы жұмыс сапарымен Шет ауданында болды.

Облыстың бас сақшысы Санжар Әділов жұмыс сапарымен Шет ауданында болды. Аудан орталығында полиция генерал –майоры өңірдің тәртіп сақшыларымен кездесіп, Ішкі істер министрінің тәртіп сақшыларының алдына қойған басты міндеттерін жеткізді.
-Министр қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының бағыттарының бірі ретінде жүйеішілік өзгерістерге басты назар аударып отыр. Сондықтанда біз сотқа дейінгі процесті оңтайландыру, кадр саясатын қайта қарау, ішкі конкурстық іріктеуді енгізу негізінде қызметкерлерді ілгерілету тәртібі, қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсарту, материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша тиімді жұмыстар атқаруымыз керек,-деді Санжар Әділов жеке құраммен кездесу барысында. Полиция генерал-майоры сондай-ақ, залға жиналған әріптестеріне қағаз бастылықтан айырылу, халықпен етене –тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау жолында жаңа тәсілдерді пайдалану мәселелеріне баса назар аударды. Жиын соңында қызметіне адал беріліп, қоғам тәртібі жолында аянбай тер төгіп жүрген бірқатар тәртіп сақшыларын марапаттады. Тәртіп сақшыларымен болған келелі кездесу соңында департамент бастығы Санжар Әділов Ақсу-Аюлы кентінің орталығында орналасқан учаскелік полиция пунктіне барды. Халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын учаскелік полиция инспекторларының қызмет орынымен танысқан полиция генерал-майоры полиция пунктіндегі бейнебақылау камераларын жіті қадағалау мақсатында учаскелік полиция инспекторларының қызметтік планшетіне шығаруда тапсырды.