Қарағандыда бейнекамераның көмегімен ұланған автокөлік табылды.

Қарағандыда бейнекамераның көмегімен ұланған автокөлік табылды.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне көпқабатты үйлердің ауласынан белгісіз біреулер автокөлік ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел –тергеу тобы жіберілді.
55 жастағы жәбірленуші кешкілік жұмыстан келген соң өзі тұратын үйдің жанына көлігін қойып қойғанын түсіндірді. Таңертең сағат 6.00 шамасында далаға шыққанда көлігі болмаған. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құраған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қалалық Полиция басқармасы жедел басқару орталығының қызметкерлері ұрланған көлікті қала көшелерінің бірінен көрген. Сол маңға бірден криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жіберілді.
Кешенді жұмыстар барысында 24 жастағы азаматтың басқаруында ұрланған көлік ұсталды. Белгілі болғандай күдікті көлікті ұрлап қосалқы бөлшек ретінде сатпақшы болған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.