
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші қаладағы базарда болған кезінде білгісіз біреу одан шұғыл қоңырау соғу мақсатында ұялы телефонын берген. Кейін ол біреумен сөйлескен болып, кейін телефонды иесіне қайтарып берген. Алайда, осы аралықта күдікті жәбірленушінің ұялы телефонындағы мобильдік қосымша арқылы 600 мың теңге несие рәсімдеп, оны аударып алғаны белгілі болды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.