
Қарағанды қаласы ПБ Орталық полиция бөліміне Н.Әбдіров даңғылы бойындағы көпқабатты үйдің бірінде тонау орын алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті.
Жәбірленуші 36 жастағы әйел сағат 6.00 шамасында жұмысқа шығатынын түсіндірді. Белгісіз біреу пайда болған кезде ол подъезден шыққан. Оның түріне қарағанды 30-35 жаста көрінді. Қаскөй жәбірленушіні ұрып, оның қолындағы сөмкені жұлып алып, қашып кеткен. Әйелдің айтуынша, сөмкеде 95 мың теңге мен құжаттар болған. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полицейлер ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығын анықтады. Осы жолы оның құрбаны нәзік жанды адам болды. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.